Cәлеметсіз бе!
Артқа көз сала отырып, мен мақсатым - АДАМДАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ үшін эмоционалды түрде - жайлылық, материалдық түрде – өркендеу, рухани байлық пен денсаулықты қамтамасыз ете отырып, ЖАҚСЫЛЫҚ жасауға деген ұмтылысымды жүзеге асырғаныма шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Тиісті кадрлар болмаса, материалдық-техникалық жарақтандырудың іс жүзінде еш пайдасы жоқ. Құдайға шүкір, Орталық қызметкерлері бірауыздан біріккен команданы құрайды, бір үлкен үйдегі бір отбасын, бір тағдырмен ұштасқан, оптимистік көзқарастағы, бір мақсат – халықаралық қоғамдастықтағы ең үздіктердің қатарына кіруге ұмтылған ұжымнан құралған. Бұған біздің сеніміміз, айқын мақсатымыз, бір-бірімізге деген сеніміміз көмектеседі. Біз биікте және алда боламыз! Құдай бізбен бірге!
Джошибаев Сейтхан, Орталықтың бас директоры