Бөлімшелер
Кардиология бөлімшесі
Бөлімше меңгерушісі Бегділдаев Алмас Таңатарұлы - магистрант, негізгі ғылыми бағыты - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жасанды қан айналымының қосалқы түрлерін (LVAD) қолдану, донорлық жүректі транспланттауға іріктеу және дайындау. 2003-2009 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Медицина академиясының емдеу факультетінің студенті болды. 2009-2010 ҚММА-да интернатурадан өтті. 2012 жылдан бастап Кардиохирургия .
№2 кардиохирургия бөлімшесі
№2 кардиохирургия бөлімшесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, сондай-ақ ақылы негізде жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясымен ауыратын халыққа (Қазақстан Республикасының азаматтарына және бейрезиденттерге) күрделі және ауыр кардиологиялық ауруларды емдеу кезінде жоспарлы, шұғыл медициналық көмек, стационарлық көмек көрсетеді.
Консультациялық-диагностикалық бөлімше
Қан айналымы жүйесінің ауруларымен ауыруды азайту және миокард инфарктісі, инсульт сияқты асқынулардың алдын алу үшін біздің орталығымызда уақтылы тексеруден өтіп, білікті консультация алу қажет.
Кардиохирургия бөлімшесі
КТҒКО Кардиохирургия бөлімшесі барлық жас топтарындағы туа біткен, жүре пайда болған жүрек ақаулары мен жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегетін пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.