Сұрақ-Жауап
Дәрігерге эхокардиографияға (жүректің УДТ) жазылуға бола ма?
Иә, әрине болады, 8 (726) 2542809 (ішкі номер 119) номері бойынша хабарласуыңыз керек. |
Сізде коронарография жасауға бола ма? Қанша тұрады?
Иә, бізде коронарография Емдеуге жатқыжу бюросы бойынша ақылы түрде жасалады. Сізге бірінші кардиолог дәрігеріне қаралуға келу керек. |
Сізде компьютерлік томография жасауға бола ма? Қай күндері болады? Өзіммен бірге не алып келуім керек?
Иә, бізде компьютерлік томография дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс жасайды. Егер сізге контрастты компьютерлік томография қажет болса онда өзіңізбен бірге несептің керотинге талдауын алып келуіңіз керек. Таңертең келесіз, сізге медбике барлығын түсіндіреді. Алдын ала 8 (726) 2542809 (ішкі номер 147) номері бойынша хабарласуыңыз керек. |
Эндоваскулярлы хирургқа қаралу қанша тұрады және қалай жазыламын?
Дәрігерлік кеңес алу үшін біздің орталыққа Р ЭХ.. бөлімшесіне келуіңіз керек. |
Мен холтер ЭКГ және СМАД талдауына жазылғым келіп еді.
Бізде холтер ЭКГ және СМАД талдауына телефон арқылы жаылуға болмайды, себебі ол кабинетте телефон жоқ. Біздің орталыққа келіп жазылуыңызға болады, немесе 8 (726) 2542809 (ішкі номер 147) номері бойынша хабарласыңыз. |
Профессор Джошибаев С. мырзаға қалай жазыламын?
Өзіңізбен бірге ЭХОКГ, ЭКГ талдауларын және көкірек қуысының рентгенографиясын алып, директордың қабылдау бөліміне келуіңіз керек |
Мен ақылы түрде стационарлы емдеуді ала аламын ба?
Болады, бірақ тек дәрігердің жолдамасы бойынша. Бізде қаралып, дәрігерге кіруіңіз керек. Содан кейін дәріген емделуге жібереді. |
Сізде аритмология, неврология және психология бойынша жазылуға бола ма?
Жоқ, бізде ондай жоқ. |
Палаталарда теледидар бар ма?
Әр палатада теледидар бар. Күн тәртібін сақтай отырып телевизорды қолдануыңызға болады. |
Сіз RW, гепатит В, С-ға талдау жасайсыз ба?
Жоқ, бұл талдауларды тек арнайы клиенттерге ғана жасаймыз. |