TarazCardio

Кардиохирургия бөлімшесі

Кардиохирургия бөлімшесі

КТҒКО Кардиохирургия бөлімшесі барлық жас топтарындағы туа біткен, жүре пайда болған жүрек ақаулары мен жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегетін пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Бөлімшеде таяу және алыс шет елдердің (Ресей, Украина, Израиль, Германия, Қытай және т.б.) бірнеше клиникасында оқытып-үйретуден өткен жоғары білікті хирургтар мен балалар кардиологтары жұмыс істейді. Орта және кіші медициналық персонал ықыластылығымен, білімімен және өз жұмыстарына берілгендігімен ерекшеленеді. Нәтижесінде диагностикалау қарқыны оңтайландырылып, емдеу процесі жеделдетіледі.

Тұрақты өткізілетін тағлымдамалар, жабдықтарды жаңарту кардиохирургияда озық технологияларды енгізуге мүмкіндік берді. Біздің кардиохирургтарымыз айналадағы тіндерге барынша аз зақым келтіре отырып, шағын тілікпен оталар жасайды және көбінесе кеуде қуысына эндоскопиялық қолжетімділікті қолданады. Осы әдістемені орындау бойынша ол Қазақстандағы ауруханалар арасында көш бастап тұр және өнертабыстарға инновациялық патенттердің иегері болып табылады. Бұл тәсіл науқастардың оталардан кейін тез оңалуына, толық сауығуына және тамаша косметикалық әсерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біз бала дүниеге келгенге дейін туа біткен жүрек ақауларын диагностикалаудың заманауи әдісін (ұрық эхокардиографиясы) жолға қойдық. Болашақ сәбиде туа біткен жүрек ақауы анықталған немесе оған күдік болған жағдайда, біз мұқият бақылау жүргіземіз, бізде туғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда эхокардиограмма (жүректің УДЗ) жүргізу, түпкілікті диагноз қою және әрі қарай емдеу тактикасын анықтау мүмкіндігі бар. Әріптестеріміз облыстық перинаталдық орталық негізінде шала туған нәрестелердегі гемодинамикалық тұрғыдан маңызды ашық артериялық өзекті клиптеу оталарын жасайды. Жаңа туған нәрестелер мен балалардың бірқатар патологияларын, мысалы: көкет жарығын, ауыр пневмонияны, ұрықтың тұрақты қан айналымын, меконий аспирациясын, миокардитті және т.б. емдеудің өмірді сақтайтын әдісі ретінде экстракорпоралды мембраналы оксигенацияны жүргізу бағдарламасы қабылданды.

Бөлімше әлемнің жетекші балалар клиникаларымен (Израиль, Түркия, Қытай, Украина) ынтымақтасады, үздіксіз тәжірибе мен білім алмасу бөлімшеге туа біткен және жүре пайда болған жүрек аурулары бар балаларды сәтті емдеу үшін озық ақпарат пен ең заманауи технологияны қолдануға мүмкіндік береді.

Емдеу тәжірибесінен бөлек, біз аудандық ауруханалардың дәрігерлерімен бірге тұрақты түрде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүзеге асырамыз. Атап айтқанда, туа біткен жүрек патологиясы бар науқастарды ерте диагностикалау, алғашқы мамандандырылған медициналық көмек көрсету және диспансерлеу мәселелері бойынша.

Әдетте сәтті отадан кейін кішкентай пациенттердің 90 пайызы мүлдем сауығып кетеді, олардың жүректерінің жұмыс істеуі алдағы уақытта құрдастарынан ерекшеленбейді.

Бөлімшемізде балалардың ата-аналарымен бірге болуының жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Жайлы палаталар, ойын бөлмесі баланың ота алдындағы толқуын азайтады, көңілін аулап, тыныштандырады.

Шейшенов Жалил Орозобекұлы – бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты кардиохирург дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1 жыл бойы Рабин медициналық орталығында (Израиль) және Польшада балалар кардиохирургиясы бойынша базалық тағлымдама (Fellowship). Киев қаласындағы Украина Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар кардиологиясы мен кардиохирургиясы ғылыми-практикалық орталығында, Новосібір қаласындағы Қан айналымы патологиясы ғылыми-зерттеу институтында және Каунас қаласындағы (Литва) Университеттік клиникада кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы бойынша мамандану. Эхокардиография және кардиореанимация бойынша арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар. 30-дан астам баспасөз жарияланымы мен 4 инновациялық патенттің авторы.

Біз инстаграмдамыз

+ Жазылу
Ваша заявка принята

Мы свяжемся с вами в самое ближайшее время для уточнения всех деталей