Кардиология бөлімшесі
Бөлімше меңгерушісі Бегділдаев Алмас Таңатарұлы - магистрант, негізгі ғылыми бағыты - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жасанды қан айналымының қосалқы түрлерін (LVAD) қолдану, донорлық жүректі транспланттауға іріктеу және дайындау. 2003-2009 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Медицина академиясының емдеу факультетінің студенті болды. 2009-2010 ҚММА-да интернатурадан өтті. 2012 жылдан бастап Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында кардиолог дәрігерi болып жұмыс істеді. 2016 жылы Беларусь Республикасында кардиология РҒПО жүрек трансплантациясы бойынша тағылымдамадан өтті. 2017 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің магистранты. 2018 жылы Түркияның Измир қаласындағы Эгей университетінде жүректің жасанды қарыншасын имплантациялау бойынша тағылымдамадан өтті. 5 ғылыми мақаласы жарияланды.
Кардиология бөлімшесі кардиологиядағы барлық зертханалық-аспаптық жетістіктерді тәжірибеде сәтті қолданатын тәжірибелі және кәсіби дәрігерлердің арқасында Қазақстандағы ең беделді бөлімшелердің бірі болып табылады. Бөлімше халыққа кардиология саласында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған емдеу-диагностикалық медициналық көмек көрсетеді
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
· емдеудің жаңа озық инновациялық әдістерін жетілдіру және практикаға енгізу;
· Денсаулық сақтау мекемелерінің басқа емдеу-диагностикалық бөлімшелерімен өзара байланыс және сабақтастық.
Бөлімшенің функциялары: мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің жаңа әдістерін әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу, клиникалық және ғылыми деректерді қорыту;
· бөлімшенің Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекетін үйлестіру;
· бөлімшенің құзыретіне кіретін басқа да функцияларды жүзеге асырады;
· ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізу және дамыту.
Біздің орталық сондай-ақ Жамбыл облысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша бас ұйымдастырушы және куратор болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасының № 23 қосымшасына сәйкес түрлі сатылардағы (АВСД) СЖЖ анықтау бойынша диагностика және СЖЖ пайда болуының алдын алу жұмыстары басталды. Жалпы Жамбыл облысы бойынша барлық кезеңдерден 48000 пациент анықталды және аурудың әртүрлі кезеңдерінде одан әрі жұмыс жүргізу тактикасы анықталды:
§ -Жүректің құрылымдық өзгерістері және/немесе СЖЖ (А кезеңі) симптомдары және жүректің құрылымдық (органикалық) өзгерістері амбулаториялық-емханалық кезеңде СЖЖ (В кезеңі) симптомдары болмаған кезде СЖЖ даму қаупі жоғары пациенттерге мониторинг жүргізу.
§ - Қазіргі таңда ауыратын (С кезеңі) құрылымдық (органикалық/морфологиялық) өзгерістері бар немесе анамнезінде белгіленген симптомдары бар жүрек ауруларымен ауыратын пациенттерге мониторинг жүргізу және арнайы араласуды (интервенциялық араласуды, хирургиялық емдеуді – LVAD имплантациясын, жүрек трансплантациясын) талап ететін рефрактерлік СЖЖ бар пациенттерді (D кезеңі) КТҒКО-да амбулаториялық және стационарлық кезеңде кардиолог дәрігерлер бақылайды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша Қазақстан Республикасы бойынша СЖЖ бірыңғай базасына пациенттерді диспансерлеу және СЖЖ анықтау қызметі ұйымдастырылды.
Біздің орталық жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау (Left Ventricular Assist Device LVAD) бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ҰҒКО кейінгі Қазақстандағы екінші орталық болып табылады. 2018 жылы Түркияның Измир қаласындағы ЭГЕ университетіндегі әріптестерінің көмегімен Жамбыл облысында жүректің жасанды сол қарыншасын (LVAD) имплантациялау бойынша алғашқы ота жасалды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ҰҒКО-мен бірлесіп тағы 2 ота жасалды, 2021 жылы өз бетінше 6 ота жасалды және 2022 жылға жылына 8 ота жоспарланған, оның 5-і жасалды. Барлығы 2018 жылдан бастап жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша 14 ота жасалды. 2022 жылдың басында Қырғызстаннан келген дәрігерлер командасы жүректің жасанды қарыншасын имплантациялау бойынша біздің орталықта тағылымдамадан өтті.
Бөлімшеде кардиологияда әртүрлі бағыттағы жоғары мамандандырылған мамандар жұмыс істейді:
Нығметова Жұлдыз Қанатқызы бірінші санатты кардиолог, жіті коронарлық синдром саласының маманы. 2006-2012 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оқыды. Емдеу ісі факультеті; 2012-2013 ж. – интернатура, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Мамандығы: терапевт дәрігер; 2013 жылы кардиология бойынша бастапқы мамандану: Алматы қ. ҚазҒЗМИ және ІА. Тағылымдамадан өтті: 2014 ж. Ел: Оңтүстік Корея. Қала: Пучон. 2 ғылыми мақаласы жарияланды.
-Дуйсенбиева Елизавета Алтынбекқызы бірінші санатты кардиолог, кардиореабилитация саласының маманы. Жұмыс өтілі: 10 жыл. ХҚТУ, емдеу ісі факультеті 2005-2011 жылдар. Түркістан қ., Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-да 2011-2012 жылдар аралығында Интернатурада оқыды, дәрігер-терапевт мамандығы. 2012 жылдан 2015 жылға дейін Нұр-Сұлтан қ. «ҰҒКО» АҚ Резидентура, мамандануы: Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы. «КТҒКО» ЖШС-де 2015 жылдан бастап кардиолог дәрігер болып жұмыс істейді.
-Акилова Мадина Абдрасилқызы бірінші санатты кардиолог, артериялық гипертония маманы. 2006-2012жж. Қазақстан-Ресей Медициналық университеті. Факультет: Педиатрия; 2012ж-2013ж – интернатура, Қазақстан-Ресей Медициналық университеті. Мамандығы: Жалпы практика дәрігері; 2013 жылы кардиология бойынша алғашқы мамандануы: Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты. Кардиология (ересектер, балалар) оның ішінде интервенциялық
- Бекбосынова Жанерке Арғынбайқызы бірінші санатты кардиолог, бивентрикулярлық жеткіліксіздігі кезінде жүректің жасанды сол қарыншасына науқастарды іріктеу жөніндегі маман. Тағылымдама: 2018 жыл Ел: Ресей, Новосібір қаласы.
Дуйсенбиева Елизавета Алтынбекқызы, туған жылы 14 сәуір 1988 жыл, 1-санатты кардиолог дәрігер. Жұмыс өтілі: 10 жыл. Білімі: Интернатура: Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы, мамандануы: терапевт дәрігер - 2011-2012 жылдар, емдеу ісі.
Кардиология бөлімшесі күн сайын:
· -СЖЖ ауыратын пациенттерді тексереді және емдейді
· -жіті миокард инфарктісі, үдемелі стенокардиясы бар пациенттерді, оның ішінде шұғыл коронарографияны, баллонды ангиопластиканы және коронарлық артерияларды стенттеуді қолдана отырып емдейді;
· - эндоваскулярлық операциялық араласуларды дайындайды және жүргізеді: баллонды ангиопластика және коронарлық артерияларды стенттейді;
· - аорто-коронарлық шунттау отасына пациенттерді дайындайды;
· -қосалқы қанайналым құрылғыларын импланттау бойынша ота жасау үшін пациенттерді дайындайды
· ( LVAD, ИКД, CRT-D);
· - гипертониялық ауруы, симптоматикалық артериялық гипертензиясы бар пациенттерді диагностикалайды, тексереді және емдейді;
· - ырғақты шұғыл немесе жоспарлы түрде қалпына келтіруді қоса алғанда, жүрек ырғағының әртүрлі бұзылулары бар пациенттерді тексереді және емдейді;
· - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексереді және емдейді;
· -жүре пайда болған жүрек ақаулары бар пациенттерді тексереді және емдейді, операциялық араласуға дайындайды;
· - эндокард, миокард, перикард, кардиомиопатия аурулары бар пациенттерді тексереді және емдейді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлім жіті коронарлық синдромы бар пациенттерге аптасына 2 күн, 24 сағат шұғыл көмек көрсетеді, тері арқылы коронарлық тәсілмен араласу, миокардтың шұғыл реваскуляризациясы, шұғыл және кейінге шегерілген тәртіппен аортокоронарлық шунттау жұмыстары жүргізіледі.