TarazCardio

№2 кардиохирургия бөлімшесі

№2 кардиохирургия бөлімшесі

№2 кардиохирургия бөлімшесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында,  сондай-ақ ақылы негізде жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясымен ауыратын халыққа (Қазақстан Республикасының азаматтарына және бейрезиденттерге) күрделі және ауыр кардиологиялық ауруларды емдеу кезінде жоспарлы, шұғыл медициналық көмек, стационарлық көмек көрсетеді.
Тұртабаев Бағлан Өзбекбайұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-кардиохирург. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген.
Астанада, Измирдегі Эгей университетінде (Түркия), Минск қаласында (Белоруссия), Ченнай қаласында (Үндістан), Киев қаласында (Украина) жүрек-қантамыр хирургиясы және трансплантология бойынша тағылымдамадан өтті. Бөлімшеде жүргізілетін кардиохирургиялық емшаралар: жасанды қан айналымы жағдайында және жұмыс істеп тұрған жүректе аортокоронарлық  (маммарокоронарлық) шунттау;
жүре пайда болған жүрек ақаулары бар пациенттерде жүректің клапанды аппаратын протездеу және қайта жаңарту; аортаның өрлемелі бөлімі мен доғасын, оның ірі тармақтарын қайта жаңарту;
жүрек қақпақшаларының үйлескен ақауларын және жүректің коронарлық ауруын хирургиялық тұрғыдан түзету; жүректің коронарлық ауруы және жүре пайда болған жүрек ақауы бар науқастарда жүрек алды бүлкілдеуін хирургиялық тәсілмен емдеу.
Роrt Ассеss әдісі бойынша ота жасау;
- жасанды сол қарыншаны имплантациялау
- электрокардиостимуляторларды имплантациялау;
- қайта синхрондау құрылғыларын имплантациялау;
- кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау;
- электродтарды экстракциялау.

Біз инстаграмдамыз

+ Жазылу
Ваша заявка принята

Мы свяжемся с вами в самое ближайшее время для уточнения всех деталей